<![CDATA[]]> http://guli93.yvision.kz/feed/ Fri, 22 Sep 2017 05:03:04 +0600 https://yvision.kz/images/userpics/guli93-normal.jpghttp://guli93.yvision.kz all rights reserved Zend_Feed Шегінерге жол жоқ, артымызда Бажалар!Отандық телехикаялардың қатары жақында тағы бір жаңа туындымен толығатын болды. «B.A.S. production» шығармашылық тобының  қолға алған «Бажалар» атты комедиялық жанрдағы телехикаясын жуырда көретін боламыз.

Бажа – туыстық атауға жататын ұғым. Нақтырақ айтсақ, апалы-сіңлілі немесе туысқан қыздарға үйленген жігіттер бір-біріне бажа болады. Бажалар арасында өзара туыстық байланыс болмаса да, кез келген отбасында ерекше ықыласқа бөленеді. Олардың өз қыр-сырлары, ешкімге айтылмайтын құпиялары, оған қоса тек өздеріне тән әзіл-қалжыңы бар. Назарларыңызға ұсынылатын жаңа топтама үш бажа, үш достың хикаялары жайлы болмақ.

Қазақы көрермендердің жанына жақын болатын бұл телехикаяның ерекшелігі - қарапайым  отбасына бажалардың келуі. Олардың арасындағы туыстық қарым-қатынастардың жаңа қырларын ашуға себеп болатын қызықты оқиғалар, жарасымды әзілдермен таңғалдырып қана қоймай, белгілі бір тұрмыстық мәселелердің шешілу жолдарын шынайы күлкі сыйлай отырып, бізге жеткізетін болады.

Бұл жаңа ситкомды  «B.A.S. production» шығармашылық тобы ұсынады.

Жоба және сценарий авторлары: Марат Оралғазин, Рүстем Омаров, Асқар Бисембин.

Продюсер –  Ақылбек Досжанов.

Шығармашылық топтың  мүшелері комедия жанрына тән бірнеше  туындыларды дүниеге әкеліп үлгерді. Олар «ВУЗеры», «Айналайын», «Үй болу қиын» сериалдары, сондай-ақ «Мәссаған», «Ду Қол Шоколад», «Большая Разница –Казахстан» секілді әзілге толы шоу-бағдарламаларын жасады.  Сонымен қатар, айта кететін нәрсе, бұл шығармашылық топ тек өз еліміз ғана емес, оған  қоса ресейлік  «Шесть кадров»«Папины дочки», «Игрушки», «Счастливы вместе», «Развод по-русски» сияқты белгілі сериалдардың сценариін  жазуымен де айналысқан.

«Бажалар» телехикаясының басты рөлдерінде: Қадырғазы Қуандықов, Райхан Қалиолдина, Айнұр Ильясова, Ербол Садырбаев, Дана Тұрарбек, Қуаныш Тұрдалин,  Алия Телебарисова, Қуаныш Керімқұлов және т.б.

Режиссер Асқар Бисембиннің айтуынша, комедиялық жанрға құрылған жобаларды көрерменге жеткізу оңай емес. Дегенмен бұл менің режиссер ретіндегі алғашқы туындым болғандықтан көрерменнің көңілінен шығуына барынша тырысып жатырмын.

Екі жыл New York Film Academy-де  білімін шыңдап келген Асқар Бисембин жобаға Лос-Анжелестен  арнайы  қоюшы-оператор Гонзало Дидженионы шақырды.

Гонзало Дидженионың қоржынында бірнеше фильмдер мен қысқа метражды туындылары бар. Солардың қатарында «The Edge», «Napkins», «A Difficult Thank You», «Black and Shinny Things»«When the Wolf Calls» (feature) және т.б.

Он алты бөлімнен тұратын  «Бажалар» телехикаясының тұсаукесері қазан айының соңына қарай «Ел арна» телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарлануда.

]]>
Mon, 07 Oct 2013 12:00:00 +0600GULI93@yvision.kz (GULI93)бажаларb.a.s.productionасқарбисембинбажаларсериалыбажалартелехикаясыhttps://yvision.kz/post/376936https://yvision.kz/post/376936
Книга моих мыслей. Как я провела лето...В этом году лето у меня было незабываемое, а если более подробно,то я провела все свои летние каникулы вместе с родителями. Может потому что я соскучилась по дому, по Актау, а может из-за того, что не хватало  родительского внимания. Многие из моих друзей остались в Алмате, для того чтобы поработать, поднакопить и т.д.,

Я бы тоже хотела остаться, поработать, но у меня было такое чувство, что если в этом году я не буду дома, то потом будет поздно... Странно да? Не знаю почему, иногда такие мысли появляются в голове из неоткуда... Не, не подумайте, что плохие, просто это чувство - чувство нехватки того, что родные мне люди, так далеко, от меня... Несмотря на то, что я им редко звонила, будто бы окунувшись вся в учебу, да что ж это я... возможно, это возраст, когда учишься буквально на другом конце страны, студент все-таки, да и уже третий год. Хотя в этом есть и свои плюсы, чужой город, новые друзья, самообразование, становишься более ответственным. Здесь  не твой родной дом, это твоя мечта! Какая бы она не была, главное ты здесь, на пути к своей цели. Но нельзя слишком увлекаться, потихоньку начинаешь забывать звонить родителям, близким людям, чтобы просто спросить: «Как у вас дела?»... Потом (лишь бы не стало поздно!) понимаешь, что если бы не они, родители...Как хорошо, что они есть, как бы не банально это не звучало я по ним уже скучаю... И почти три месяца проведенного с ними времени,  для меня запомнятся навсегда...Ведь когда родители рядом, ты не просто помогаешь по хозяйству, или  отдыхаешь дома, или за братишкой присматриваешь, или на море искупаешься...Нет, это всего лишь миг с родными людьми, который останется на  страницах книги, да книги твоей жизни...]]>
Thu, 26 Sep 2013 22:36:56 +0600GULI93@yvision.kz (GULI93)мыслиродителироднойдомлетниеканикулыhttps://yvision.kz/post/376136https://yvision.kz/post/376136
Во время съемок...

  ]]>
Fri, 04 Jan 2013 20:24:30 +0600GULI93@yvision.kz (GULI93)guli93guligulzhan zhumagaligulzhan zhumagalievaitmaiitu 2012almatyalmaty 2012kazkhstanлучшая операторская работа 2012хату 2012https://yvision.kz/post/312229https://yvision.kz/post/312229
4ina feat Gulzhan Zhumagali — Целый мир

]]>
Fri, 04 Jan 2013 20:20:31 +0600GULI93@yvision.kz (GULI93)gulzhan93guli93iitugulzhanмуитцедый миралматыitma2012gulzhan zhumagalievagulihttps://yvision.kz/post/312228https://yvision.kz/post/312228
ХАТУ-де PhD доктарантурасы ашылды!

]]>
Sat, 20 Oct 2012 22:19:33 +0600GULI93@yvision.kz (GULI93)хатухату 2012муитphdphd доктарантураалматыказахстан iituguliguli93gulzhan zhumagaliэлектронды журналистикаэлектронная журналистикаhttps://yvision.kz/post/297520https://yvision.kz/post/297520
Мұратым - болашақтың журналистикасын меңгеруМектеп қабырғасында жүрген кезімде,  болашақ мамандық  туралы мүлдем ойламайтынмын. Ең бастысы сабақты  жақсы оқып, ата-ананың үмітін ақтау болды. Мамандық таңдау  туралы тек 11-ші сыныпта ғана  ойлана бастадым.  Бала кезімнен  шығармашылық  бағытқа  жақын болғандықтан, электрондық  журналистика мамандығын таңдауға бел будым.

Қазіргі таңда  «электрондық журналист»  деген сөзді біреу естіген болса, енді біреу мүлдем естімеген  болар.  Көпшілік жұрт   бұл мамандықты көбінесе компьютермен  немесе теледидармен байланыстырады.

Қазақстанда өкінішке орай, әзірге электрондық журналистер мыналар деп көрсететін мамандар аз.  Тіпті, электрондық журналист мамандығын меңгеріп, елдің назарына ілігіп, осы мамандыққа қызығушылықты оятып жатқан мамандар жоқтың қасы. Бұл оларды жоғары деңгейдегі сапалы біліммен дайындайтын оқу орнының  Қазақстанда кешеңдеу ашылғандығынан да болар. Нақты айтқанда 2009-шы  жылы  Алматы қаласында алғаш рет Елбасымыздың пәрменімен  Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, ал 2010-шы  жылы бұл оқу орнында «электрондық журналистика»  деген жаңа факультет ашылды. Бұл мамандыққа түсу үшін ҰБТ-дағы бесінші таңдау пәні маңызды емес. Қазақ (орыс)  тілі, қазақстан тарихы пәндерінің бағалары қаралады.

Таңдаған мамандығым бойынша даярлайтын оқу орны жөнінде осындай деректерге қаныққан соң 2011-шы жылдың шілде айының басында шығармашылық емтиханды тапсыру мақсатымен, құжаттарымды реттестіріп, Алматыға барып, емтиханға дайындала бастадым. Емтихан 2 бөлімнен тұрды. Біріншісі  шығарма жазу,  екіншісі өз-өзіңді таныстыру. Таңдау пәнім қазақ әдебиеті болғандықтан  шығарма жазу қиынға соқпады.

Екінші бөлімде әділқазы мүшелері әр түрлі сұрақтар қойып,  журналист  ретінде қалай жауап беріп, шешімдер қабылдар едің деп   қандай да бір  жағдайды мысалға келтіріп, тіпті қазақша, орысша былай тұрсын ағылшын тілінде де сұрап сынға алды. Одан да өттім.  Сол кезде бұл жоғары оқу орнында  қазақ бөлімі ашылуы-ашылмауы неғайбыл болып тұрды. Себебі  жаңа қазақ тобын құруға шәкірт саны   жететіні күмәнді  еді.

Шығармашылық емтихандарды тапсырып болғаннан кейін, келесі күні қорытынды бағалары шықты. Бұл мамандыққа мемлекеттік грант бөлінбесе де, университеттік жеңілдіктер бар. Жоғары ұпай жинағандарға 100 пайыздық,  50 пайыздық та  жеңілдіктер беріледі. Бір ай бойы осы жеңілдіктердің кімге берілетінін тағатсыздан күтіп, ақыры мен емтиханнан 50 пайыздық жеңілдікті ұтып алдым. Сол кезде қалай қуанғанымды айтсаңшы!

Бағымызға қарай электронды журналистика факультетінің  жаңа қазақ бөліміне де шәкірттер жиналды. Тобымзда небәрі 7-ақ  студентпіз: 5 қыз және 2 ұл.

Оқу орнында  еліміздің танымал журналистері, оның ішіне Артур Платонов, Шолпан Елеусізова, Майраш Тайкенова, Бауыржан Жақып,  Шынар Қалиаждарова және т.б дәрістер  береді.  Белгілі шетел шетелдік журналистердің шеберлік сағаттары да өткізіледі, соның ішінде польшалық журналист-ғалым  Роман Беккер, Халықаралық Евразиялық телевидения мен радио академиясының вице-президенті, танымал журналист Кипрас Мажейка жер шарының 70-тен аса елдерді аралаған кездегі әсерлерімен  бөлісті. Сондай-ақ Қазақ радиосының дикторлары Сауық Жақанова, Темірхан Момбеков және Еділ Анықбай, КТК телеарнасынан  Дастан Шымырбай секілді өз ісінің білгірлері шеберлік сабақтарында теориялық  ілімдерді тәжірибемен ұштастыра дәрістер өткізді. 1 - курстан бастап-ақ тәжірибе сабақтары  көбеюі маған өте ұнады. Практика кезінде кураторымыз Шынар Қалиаждарованың  жетекшілігімен «Айқын» газетінің  редакциясында болып газет  шығару технологиясымен жете таныстық, аға-буын әріптестерімізбен кездестік.  «Қазақ радиосы»,  «31 канал»  телеарнасы журналистерінен де көп деректерге қанығып, сабақ алдық.

Электрондық журналист жан-жақты болады. Яғни оның ішінде режиссер, продюсер, бейне-инженер, тілші, фотограф, оператор деген мамандарды атауға болады.

Электрондық журналистика – болашақтың журналистикасы.  Ол арқылы ғаламтордың көмегімен сан алуан ақпараттарды жедел әрі сапалы түрде халыққа жеткізетін журналистердің алдыңғы қатарында болсам деп армандаймын. Осы арманыма жету жолында білім алып ізденіс үстіндемін және осы мақала арқылы дәстүрлі журналистика қызметін пайдаланушылар көп екенін ескере отырып, кейінгі жастарға пайдалы ақпараттарыммен бөліскім келеді.

  ]]>
Thu, 23 Aug 2012 22:33:40 +0600GULI93@yvision.kz (GULI93)iituмуитхатуэлектронная журналистикаэлектрондық журналистикаалматыhttps://yvision.kz/post/284721https://yvision.kz/post/284721
О Казахстане. Елордаға сәлеммен!6 шілде күні Елордамыздың 14 жылдығына орай Ақтау қаласында  мерекелік кеш  өтті. Бұл шараға жергілікті шығармашылық топтармен  қатар, Астана мен Алматы қалаларының  эстрада жұлдыздары ән шырқады.

Астананың қуанышымен қатар Елбасымыздың  туған күнімен сәйкес келгендігі, қазақстандықтар үшін үлкен жүрек жарды мерей той болды.

Маңғыстау облысының  ішкі-саясат  басқармасының бастығы Ержан Күмісқалиев:

Бүгін Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары  басты қаламыздың күніне  орай, 14-шы шағын аудандағы  жаңартылған теңіз жағаға жиналып,  бүкіл халық болып  тойлаудамыз.

Облыс басшысы қала тұрғындарын шын жүректен құттықтай келе, тұрғындардың көптен күткен 14 шағын  аудандағы жаңартылған жағалауды сыйға ұсынады, және  де осы жағалауда біз күтіп отырған мерекелік үлкен от-  шашу өтеді, мерекелік концертке жергілікті жұлдыздарымыз өнерлерін паш ете отырып, мерекелік шара жалғасын табуда. Көріп отырғанымыздай, халық көңілі жайдары!

Қала тұрғындары Құлжан Мерей, Өтеген  Көркем:

Қайырлы кеш! Бүгінгі атаулы мереке Ақтау қаласында дүбірлі өтуде десек те болады! Біз  өте қуаныштымыз!!! Және де осы үлкен  қуанышымызбен барша қазақстандықтарға бөліскіміз  келеді. Астана көркейіп жайнай берсе екен, Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш болсын деп шын  жүректен тілейміз! Жыл сайын бұл үлкен мерей той осылай жарқын болып тойлана берсін!

Серік Сариевтің «Жорға» би ансамбльі:

Бүгін біздер «Жорға би ансамбльі» атынан барша қазақстандықтарды тойланып отырған Астана күнімен және де Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!! Бұл мереке барлығымыз үшін ортақ. Көріп отырғанымыздай, халық алаңға көптеп жиналған, әлі де жиналып жатыр. Барлығы осы мерекені ортақтасып өткізу мақсатымен бас қосып ағыла келуде, бізде осыған өз үлесімізді қоспақпыз, яғни «Жорға би ансамбльі» атынан осы үлкен мерейтойға өз өнерімізді шоу-проектімізді ала келдік! Мейрам құтты болсын!

Қала тұрғыны Қонайбаева Несібелі:

Бүгін міне, айтулы дүбірлі мейрамға өзіммен бірге немерелерімді ала келдім! Оларға бұл мерекенің ел үшін үлкен ортақ мереке, той екенін білдіре келдім. Ең бастысы айтарым, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туылған күні құтты болсын! Әрдайым алдымызда денсаулығы мықты болып жүре берсін, ол біздің тірекшіміз, ғой!  Еліміз тыныш болсын, Астанамыз жайнай берсін! Мынау, бес күн өмір тіршілігінде немере-шөберелеріміздің арасында аман болып жүре берейік!

Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Асанәлі Көшеров:

Мен бұл қаламызда Астана күніне өткізіліп жатқан үлкен мерекелік шараға өнер адамы ретінде ән шашуымды сыйлай қатысып отырмын. Және де Елбасымыздың туылған күні құтты болсын! Қазақстанның мәртебесі биікке өрлей берсін, Астанамыз күллі әлемге танымал болып, көркейе берсін! Қазақстанның бетке ұстар айнасы болсын!

Әнші Сапарова Шахаризада:

Мен жолдасыммен бірге 4 жыл бұрын Алматы қаласынан осы шырайлы Ақтау қаласына қоныс аударған болатынбыз! Алматы қаласының опера-балет театрында қызмет атқарғанбыз. Осы Ақтау қаласында жаңа пәтерге ие болдық, өте қуаныштымыз! Бүгінгі шара мен үшін өте қызық, себебі осы күні біз жолдасыммен бірге отау құрып, неке күнін өткізгенбіз. Біздің некелескенімізге 10 жыл толды. Осы мерекенің менің қуанышыммен сабақтас келгені мен үшін үлкен ғанибет! Бұл мереке біз үшін ыстық болып келеді. Астана көркейе берсін! Бейбітшілік болсын!

Әнші Ақылбек Жеменей:

Бүгін, Астанамыздың, Елордамыздың туған күні, онымен қоса Елбасымыздың туған күні! Осы біз, бұл мейрамды Ақтау қаласынан қарсы алып жатқанымызға өте қуаныштымыз! Қазағымыз өсе берсін, Қазақстанымыз көркейе берсін!

Облыстық филармония әншісі, мәдениет қайраткері    Жоламан Көшкінов:

Мен бүгін үлкен мерекеге айтар тілегім, алдымен,еліміз көптен күткен, аңсап келе жатқан тәуелсіздігіміз, онымен бірге келген еліміздің бірлігі, еліміздің амандығы, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», дегендей біздің мына амандығымыздың арқасында, елдігіміздің арқасында 20 жылдығымыздың асар-аспаста осындай үлкен қала Алтын орда, Ақ ордамыз тұрғанда еліміздің осындай үлкен жетістікке жеткеніне шын жүректен тілекшімін. Бүгінгі осы мереке еліміздің аңсап жүрген мерекелерінің бірі, осы Астана күні болса, осы мерекемен қоса Елбасымыздың да мерейтойы. Астана қаласы асулардан асып, әлемдегі аты шыққан ірі  мұнаралы қалалардың қатарында болып, ұрпақтарымызға өшпес тарихи мұра  болып қалуына тілектеспін!

Әнші Ғаділбек Жанай:

Бүгін  Астана мерекесі жалпы Қазақстан бойынша, Ақтау қаласында  тойлануда. Осы Ақтау қаласында болып жатқан концерттік шара маған өте ұнап жатыр. Жоғары деңгейде дайындалғаны, халықтың да ризашылдығы  байқалып тұр. Мен тек қана Астана күні емес, кез келген күнінде біздің қазақ  елінің көңіл күйі бүгінгі күндей жайдары күйде болсын деп тілеймін. Мереке құтты болсын, Астана жасай берсін!

Кеш  жүргізушілері Ақылбек Исамбергенов, Гулмира Бурхандинова:

Астана мерекесіне орай, бүгінгі кеште облыс әкімі құттықтай отырып, жергілікті өнер жұлдыздарымыз, оның ішінде Ақылбек Жеменей, Ғаділбек Жанай,«Самал», «Ғалам» топтары келіп жатыр. Алматы қаласынан келген «Меломен» тобы да өз өнерлерін көрсетуде. Әсем қала Ақтауымызда әр түрлі шаралар өтуде, көрнекті жағалау салынуда. Барша халықты бүгінгі Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Ғалам» тобы:

Бүгінгі мерейтойда өнер көрсетіп жатқанымызға біз өте қуаныштымыз. Астана қаламыздың мерекесімен барша  Қазақстандықтарды шын жүректен құттықтай отырып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Астанамыз асқақтай берсін!

«Самал» тобы:

Бүгінгі Елордамыз Астана қаламыздың туған күні және де Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да дүниеге келген күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Барлық Қазақстандықтарды құттықтай келе, елімізге аманшылық, тыныштық тілейміз!

«Абай мәдениет кешенінің» бас директорының орынбасары Аққенже Орынбайқызы:

Бүгінгі Астана күніне арналған мерекелік шара өте  қызықты және тиянақты  өтіп жатыр. Мұнда өзіміздің жергілікті және  Алматылық өнер жұлдыздарының өнерлеріне тәнті болып жатырмыз. Мерекеге арнайы дайындаған, өзіміздің шығармашылық топтарымыздың көріністерін көрсетіп жатырмыз. Ақтау қаласының халқы риза болып  жатқан секілді, себебі алтындай уақыттарын бөліп келген жұртымыз шараның аяғына дейін қалып көріп жатырғанына қуаныштымын. Астана жайнай берсін!

«Меломен» тобы:

Бүгін Астана күні, Елбасымыздың Нұрсұлтан атамыздың туған күні, соған арнайы Ақтау қаласындағы болып жатқан концерт өтуде. Ақтау қаласы – өте керемет, кеш өте керемет өтіп жатыр. Көңіл күйіміз тамаша! Жалпы Ақтау қаласының тұрғындары өнерді жоғары бағалайтыны көрініп отыр. Әрқашанда еліміз аман болсын, тыныш болсын! Қазағымыз тек биікке өрлей берсін!

«Меломен» тобымен аяқталған бұл кеш жоғары деңгейде өтті деген бағаға лайық! Елордамыз Астананы және Елбасымызды шын жүректен құттықтай отырып,Астанаға жарқын көркею, ал Елбасымызға мықты денсаулық тілеймін! Астана тек алға! Жасасын, Қазақстан!

 

.

]]>
Sun, 08 Jul 2012 23:35:24 +0600GULI93@yvision.kz (GULI93)астана 2012ақтау14gulzhan zhumagalievaguliмеломен тобымеломенмеломэнмеломен тобымен сұхбатмеломен тобының фотосыконцертhttps://yvision.kz/post/274805https://yvision.kz/post/274805
Өнер менің өмірімде.......Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші! Ал бұл сандықтың ең түбінде немесе кейде жарық жұлдыздай алға шоқ етіп шығатын бір нәрсе бар. Бұл не деп ойлайсыздар?

Бұл тамаша нәрсенің аты- өнер. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір  құдірет күші секілді. Кейде өмірден түңілген кездерде немесе  көңіл-күй түсіңкі болған жағдайларда, қолыңа гитара алып, бір шерткеннің өзі, сол басыңнан өткен көптеген ауыр кезеңдерді титтей болса да  ұмытуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қандай керемет дүние. Адамның бойындағы дарын, талант деген осы  ғой, шіркін.... Бірақ өнер ол теке қана белгілі бір аспапты игере білу дегенге шектеліп қалмау керек, өнер – жан- жақты болады. Адамгершілік қасиетті сақтап жүру, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың өзі, тіпті ауыр хабарды біле тұра, өзге жанға жеткізудің өзі – өнер. Сондықтан да  өнер – менің өмірімнің үлкен бір бөлігі деп білемін. Өнерлі адам- өрге  жүзеді, - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағындыратынымызға еш күмән жоқ екенін ұмытпаңыздар! ]]>
Thu, 28 Jun 2012 02:51:14 +0600GULI93@yvision.kz (GULI93)өнерguligulzhan zhumagalievahttps://yvision.kz/post/272677https://yvision.kz/post/272677
HackDay. Фото-отчет с HackDayВ Международном IT Университете на протяжении двух дней наконец-то завершился Хакдей! В этом году мне довелось быть волонтером, но в следующем году  обязательно буду участвовать)

Дамир Шыныбеков -  ректор IT университета

h

h

 

во время перерыва волонтеры  вот так отдыхали)

и всю ночь мы не только работали но и успели попеть)))

и

]]>
Mon, 30 Apr 2012 05:09:22 +0600GULI93@yvision.kz (GULI93)муитстудентыволонтерыучастникихакдей2012алматыhttps://yvision.kz/post/250960https://yvision.kz/post/250960
Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының профессорымен сұхбат

Есім Жүкеұлы Сегізбаев 1937 жылы сәуір айының 17- жұлдызында Көкшетау облысы Рузай ауданы Сарыадыр ауылында туған.

Мектептен соң  Щучинск қаласындағы алтын-платина  тау-кен техникумын бітірді (1958ж). 1958-1961 жылдары-әскер қатарында, аға лейтенант. 1961 жылдан Құрманғазы атындағы өнер институтында оқыды,  Лениндік степендият, институттың комсоргі болды. 1965 жылы кино және драма актеры мамандығын алды.

Е.Сегізбаев, 1978ж. Театр және суреті өнері институтына шақырылғанша дейін, 1965-1978 жылдар аралығында Ғ.Мүсірепов ат. Қазақ мемлекеттік академиялық Жасөспірімдер мен балалардың драмалық театрында актер болып жемісті шығармашылық қызмет атқарды.

Есім Жүкеұлы өзінің кәсіби актерлік талантын көрермендерге сахналық шындықпен таныта білді.  Театр сахнасында 50-ден астам рөлдерді ойнады: С.Сейфуллин- «Ұзақ жолда» - Божок, Ш. Айманов- «Жас Абайда» - Оспан, Ә.Тәжібаев –«Монологтарда» - Т.Тоқтаров, Ш.Айтматов – «Алғашқы мұғалімде» - Сейіт, А.Макаенок – «Үкімде» - Володя, И.Саввин және Ж.Ташенов – «Қаладан келген қылжақ баста»- Еркін, С.Шаймерденов- «Дөкей келе жатырда»- Шилау, Е.Вахитов- «Алтын көрсе періште жолдан таядыда» - Қылышбек, Ғ.Мүсірепов – «Қазақ солдатында» - Гришин және т.б

12 жыл театрдың цтационарлық  және гастрольдік сапарларының төрағасы, 10 жыл партия  ұйымының   жетекшісі  болды. 10 жылдан астам Үкімет концерттерінің бағдарламаларын, 30 жыл диктор ретінде Алматы еңбекшілерінің мерекелік демонстрациясын жүргізді.

Кезінде Е.Ж. Сегізбаевтың портреті «Алматының таңдаулы адамдары» галереясында орын алған.

Есім Жүкеұлының кино өнерімізге де қосқан үлесі біршама. Ш. Айманов ат. «Қазақфильм» киностудиясының аударма (дубляж) бөлімінде 2000-нан астам көркем фильмдердің рөлдерін қазақша сайратты, 6 көркем фильмге түсті.

Көп жылдар бойы ҚР Мәдениет министрлігінің жас дарынды орындаушыларды таңдау сарапшылар тобының  мүшесі болды. 1986 жылы Республикалық Ж.Елебеков ат. эстрада- цирк студиясында бірінші көркемсөз оқу шеберлерін оқытып шығарды.

1978 жылдан бүгінге  дейін Сегізбаев Е.Ж негізгі кәсіби мамандық «Актер шеберлігі» пәнінен дәріс беріп,  өз шеберханасынан драма және кино, музыкалық театр актерларының 13 тобын (200-ден астам шәкірттерді)  оқытып шығарды. 15 дипломдық спектакль қойды. Одан білім, тәрбие алған талантты шәкірттері Астана мен Алматыда және Қазақстанның барлық қазақ театрларында, радио- телестудияларында, өнер мекемелерінде қызмет етеді.

Есім Жүкеұлының шәкірттерінің ішінде – 12 Қазақ Республикасының, 1 Қытай Халық Республикасының халық артист, 1 ҚР-ның мем-тік сыйлығының, 14 ҚР-ның «Дарын», «Жастар одағы» сыйлығының, «Азия даусы» конкурсының және театырлар фестивалінің лауреаттары, 30-ға жуық ҚР-ның мәдениет қайраткері бар.

1990 жылы Е.Ж. Сегізбаевтың шәкірттерінің күшімен Павлодарда облыстық музыкалық театр ашылды. 1994 жылы ҚХР-ның бір топ дарынды қазақ, ұйғыр жастарын дайындап шығарды. 1998ж. Астанамыздың Қ. Қуанышбаев ат. Қазақ музыкалық драма театрының ұжымын талантты шәкірттерімен толықтырды.  Ол орыс, украин, неміс, татар, әзірбайжан, Канада, Франция, Латвия, Венгрия композиторларының оперетталарын және музыкалық комедияларын  қазақ тіліне аударды: С.Гулак –Артемовский- «Запорождық ар  жағында Дунайдың», И.Штраус –«Жарқанат»,  И.Кальман «Сильва», «Мистер Икс», Г.Стотгарт-Р.Фримль-«Роз-Мари», Р.Гаджиев –«Ұялма, жыми немесе кавказдық жиенқыз»,Э.Лавиш – «Оверндік су тасушы», Ж.Алуй «Оркестр әртістері», Ф.Легар –«Көңілді жесір», А.Двоскин –«Ұрланған жігіт», Е.Птичкин –«Қатындар ереуілі», Р.Паульс- «Сіңілім Керри», Лоу- «Менің әдемі келіншегім»

Осы оперетталар кезінде «музыкалық драма актері» курстары дипломдық спектакль жұмыс ретінде сахналады немесе болашақ дипломдық жұмыс ретінде кафедра репертуарына кірді.

«Қысқаша орысша-қазақша театр терминдерінің түсініктеме сөздігі», «Украинша-қазақша сөздіктерінің» авторы. «Қоюшы – педагогтың дипломдық спектакілмен жұмыс істеуі» ғылыми –метдикалық еңбек жазды, жоғары және орта өнер оқу орындарына арналған «Актер шеберлігі пәнінің  типтік бағдарламаларының авторлар  ұжымының бірі және аударылған оперетталар «Оқулық –көрнекті құрал» еңбектері  бар.

Е.Сегізбаевтың талантты жастарды тәрбиелеп, оларға ұстаздық қызмет көрсетуде де еңбегі ерекше. 1978 жылдан бері Т.Жургенов ат.Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор.

Өзінің ұстаздық қызметімен қоса оқып – үйрену театрының директоры, театр факультетінің деканы, академияның тәрбие ісі жөніндегі проректоры, Ғылыми Кеңесінің хатшысы, т.б   әкімшілік қызметтерді атқарды.

Өнер өлкесіндегі еңбегі жеміссіз де емес. Оның актерлік және ұстаздық талантын жоғары бағалаған Республика Үкіметі әр жылдары «Қажырлы еңбегі үшін» (1970). «Еңбек ардагері» (1983),1996 жылы «ҚР-ның білім беруі ісінің үздігі» деген Құрметті белгісімен, Білім және ғылым Министрлігінің «Құрмет грамотасы» (1997), ҚР-ның «Мәдениет қайраткері» Құрметті белгісімен (2000) медальдарымен марапатталды.

Сегізбаев Есім Жүкеұлы мол практикалық тәжірибелі творчестволық қызметкер –кәсіпқой және өнер теориясын меңгерген маман оқытушы ретінде ұстаздық жұмыста Республикамыздың театр өнеріне жас мамандарға тәлім – тәрбие беру, кәсіби актерларды дайындау жолында жемісті еңбек етіп келеді.

Жалпы еңбек стажы 58 жыл. Өнер саласындағы стажы 47 жыл

Қазір Т.Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық Академиясының колледжінде дәріс береді, профессор.

  ]]>
Wed, 14 Mar 2012 01:56:41 +0600GULI93@yvision.kz (GULI93)сегізбаев есім жүкеұлыгулжан жұмағалит.жүргенов ат. өнер академиясыинтервью с guli93алматыiituvbloggers.kzhttps://yvision.kz/post/239719https://yvision.kz/post/239719